Қазақстандағы меншік құқығын басқаратын ұйымдарды аккредиттеу

13.12.2022

2022 жылғы 30 қарашада Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен өткізілген  мемлекеттік аккредиттеудің нәтижесіне сәйкес, «Құқық иеленушілердің Еуразиялық одағы» АҚБ , авторлардың, орындаушылардың, фонограммалар мен аудиовизуалды туындыларды өндірушілердің жеке мақсаттарында және табыс алмай, фонограммалар мен аудиовизуалды туындыларды жаңғыртқаны үшін сыйақы алу құқықтарын жүзеге асыруға байланысты куәлік алды.